Қазақстан чемпионатына дайындалып жатқан Максим Петрижко мен Әзизбек Кудратуллаев  жаттығу барысы туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

«Шынымды айтсам, дұрыс демала алмадым. Маусым айынан бастап жаттығуды, дайындықты бастап кеттім. Кейін шілдеде аз уақыт үзіліс жасадым. Қазір ақырындап бұрынғы қалпыма келе жатырмын. Қиын, залда 36-37 градус ыстық», – деді Мексим.

Естеріңізге салсақ, Максим мен Әзизбек Алматыда 25 тамызда өнер көрсетеді, кейін 17 қыркүйек пен 4 қазан арасында Кореяда өтетін Азиялық Ойындарға дайындалады.