«Пари Сен-Жерменнің» бразилиялық шабуылшысы Неймар осы жазғы трансфер кезеңінде клубтан кетуі ықтимал.

AS ақпараты бойынша, бразилиялық ойыншы париждік клубтың алғашқы жиынына қатыспай, сол арқылы өз наразылығын білдірмек. Жиын 8 шілдеде басталады. Ол «Барселонаға» қайта оралуды қалайды.

Бұған дейін 27 жастағы форвард каталониялықтармен 5 жылдық келісімшартқа келіскені хабарланған болатын.

Өткен маусымда Неймар ПСЖ сапында 28 матч өткіздік, 23 гол соққан. Оның ПСЖ-мен еңбек келісімі 2022 жылы жазда аяқталады.