«Ақтөбе» сапына ресейлік қорғаушы Никита Церенок қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Шайба.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен маусымда 25 жастағы хоккейші елордалық «Номадта» ойнап, Қазақстанның тұрақты чемпионатында 39 матч өткізген. Бұл ойындарда ол 9 (1+8) ұпай еншілеген.

Бұған дейін Церенок «Рязань», «Саров», «Жилину», «Сокол», «Звезду-ВДВ», «Амур», «Барыс», «Барс» және ЦСК ВВС клубтарында ойнаған.