Қазақстандық файтер Фаниль Рафиков (12-2) кезекті жекпе-жегінің уақытын білді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Жерлесіміз 31 тамызда Краснодарда ACA 98 турнирі аясында төбелеседі. Қарсыласы - ресейлік Сайхан Джабраилов (4-2).

Рафиков осы жылдың қаңтар айында Әлихан Сүлейменовпен АСА 91 турнирі аясында кездесіп, қарсыласына есе жіберген болатын.