Ерлер арасында 4-ші Азия кубогы/«ҚР Президенті Кубогы-2014» турнирінде Оңтүстік Кореяға жол берген Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Патраков жеңілістің себептерін айтып, командаға немен жұмыс жасау екенідігін жеткізді.

– Кешегіге қарағанда бүгін жақсы ойнадық деп есептеймін, - деп бастады Патраков. – Алайда біз әлі де допты нашар асырамыз. Сонымен қатар, дұрыс блок қойып та үйренуіміз қажет.

Корея құрамасының бас бапкері Кивон Парк:

– Үш партияда да жеңсек те, командамның ойынына көңілім толмады. Техникалық тұстарда жақсы ойнауымыз қажет. Алдымызда әлі де ойындар бар. Біздің командамыз түрлі клубтардың ойыншыларынан жиналған. Құрамамыздың базалық клубы жоқ, барлық ойыншы чемпионаттың әр түрлі командасында ойнайды. Сонымен қатар, турнирдің айқын фаворитін айта алмаймын. Әр командаға қарсы барымызды салып ойнауымыз қажет.