19 тамызда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында волейболдан ерлер арасында Азия кубогының топтық кезеңінде екінші тур матчтары болды.

Қазақстан құрамасы бұл жолы да жанкүйерлерін қуанта алмады. Біздің команда Оңтүстік Корея құрамасынанан үш партияда жеңілді – 22:25, 14:25, 22:25. А тобының басқа матчында үндістандық волейболшылар Жапонияны үш сетте қапы қалдырды – 25:11, 27:25, 25:23.

В тобында Таиланд құрамасы аустралиялықтарды 3:0 (25:14, 25:20, 29:27) есебімен тізе бүтірді. Ал Иран қытайлықтарға мүмкіндік қалдырмады – 3:0 (25:21, 25:14, 25:15).