Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Today.kz cайты.

Алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа Ресей, Өзбекстан, Қазақстаннан 24 спортшы қатысты. Турнир Қызылорда қаласы әкімдігі мен «Алаш-прайд» кәсіпқой клубының ұйымдастыруымен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті.

Бәсеке  қорытындысында 57 келі салмақта Арман Маделханов (Қызылорда қ.), 61 келіде – Қайрат Абжамалов (Қызылорда қ.), Есен Молдабаев (ОҚО), 66 келіде – Бексұлтан Тұрсынов (Қызылорда қ.), Ермек Тлауов (Алматы қ.), 68 келіде – Олжас Есқараев (Қызылорда қ.), 77 келіде – Мухаммед Әбірәлиев (Алматы қ.), Нұрсұлтан Розобоев (Өзбекстан), Алихан Абдукаримов (Қызылорда қ.), 84 келіде – Артем Резников (Алматы қ.), +91 келіде -Шахмарал Жетпісов (Алматы қ.), 95 келіде Әсет Манарбекұлы (Қызылорда қ.) жеңімпаз атанды.