Венгрияда өтіп жатқан байрақты бәсекеде еліміздің автошабандоздары бесінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Естеріңізге сала кетейік, FIA әлем кубогінің жетінші кезеңінде 77 команда өзара мықтыны анықтады. Қазақстандық спортшылар Т1 дәрежесінде өнер көрсетті. Ел намысын Айдын Рахымбаев және Антон Николаев қорғады. Темір тұлпарды тізгіндендеген автошабандоздарымыз әлем кубогінде де 5-сатыдан табылды.