Франциялық шабуылшы Килиан Мбаппе ПСЖ ұсынған келісімшартты ұзартудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Осылайша, 20 жастағы ойыншы клуб ауыстырғысы келетінін мәлім етті.

Бұған дейін Мбаппенің «Реал» сапына 2020 жылы ауысатынын жазған болатынбыз.

«Корольдік клуб» президенті Флорентино Перес футболшы үшін 230 млн еуро төлеуге дайын болған. Алайда ПСЖ президенті Нассер Аль-Хелаифи шабуылшыны сатудан бас тартты.

Мбаппе өткен маусымда ПСЖ жейдесінде 43 рет алаңға шығып, 39 гол соғып, 17 рет нәтижелі пас берген.