Ресей құрамасының шабуылшысы Александр Овечкинді жанкүйерлер үздік хоккейші деп таныды. Бұл туралы eurosports.ru хабарлады.

Сауалнама NBC Sports телеарнасының сайтында жарияланды. Нәтижесінде Овечкин 642 ұпаймен бірінші орын алды, ізін ала 384 ұпай жинаған Петер Бондр екінші сатыда. Үздік үштікті Род Лэнгуэй түйіндеді.

Овечкин «Вашингтон» сапында 9 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Жалпы алғанда 679 матчқа қатысып, 814 (544+392) ұпай жинады.

Елордалық клубпен бірге төрт рет ҰХЛ-ның үздік сұрмергені және үш мәрте тұрақты маусымның ең бағалы ойыншысы атанды.