Бірінші орынды 10 жасар Бибісара Асаубаева жеңіп алды, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының ресми сайты.

Турнир Дубайда 14 жасқа дейінгі балалар арасында өтті. Бибісара сайыста мүмкін болған 9-дан 8 ұпай жинады. Қазақстандық шахматшыдан кейін Үндістан мен Әзірбайжан өкілдері орналасты.

Ашық турнирге БАЭ, Әзірбайжан, Үндістан, Алжир, Брунец, Египет, Шри-Ланки, Иран, АҚШ, Либерия, Сирия және Қазақстаннан 130 бала қатысты.