«Қайрат» футбол клубының 60-жылдық мерейтойына орай Алматылық команда Әлем құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Алматы қаласының орталық стадионыда «Қайраттың» ардагерлері мен Әлем құрамасы кездеседі.

 «Жұлдыздар кездесуіне» Әлем Кубогы, Чемпиондар Лигасы, құрлықаралық кубоктар мен әлем және Еуропаның үздік ойыншысы атағын алған футболшылар қатысады деп күтілуде.

Жолдастық матч 26-шы қыркүйек күні өтеді деп жоспарлануда. Ал футболшылар тізімі кейін белгілі болады.