Щучинск қаласында велоспорттан Қазақстан Жазғы Спартакиадасының үшінші жарыс күні өтуде. Светлана Пащенко топтық жарыста жеңімпаз атанды.

Пащенко 81 шақырымды 2:12.00 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Екінші орында Анжела Соловьева, үшінш сатыда Татьяна Богданова орналасқан.

Ертең жасөспірімдер арасындағы топтық кезең өтеді. Жарыс 121 қашықтыққа созылады.