Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан M-1 Challenge 102 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта (62 келі) өнер көрсеткен отандасымыз жеңіліп көрмеген ресейлік Александр Осетровты 4-ші раундта техникалык нокаутпен жеңді.

Осылайша, ол M-1 Global чемпиондық белдігін жеңіп алды.