«Валенсияның» бразилиялық қақпашысы Нето «Барселона» ойыншысы атанды, - деп хабарлайды каталондық клубтың ресми сайты.Трансфер құны 26 миллион еуро, қосымша 9 миллион бонус бар.

29 жастағы Нетоның «Барселонамен» келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген. Ал келісімшарт аяқталмай бразилиялықты сапына алғысы келетіндер 200 миллион еуро беру керек болды.