Ресей Премьер-лигасына жақында оралған «Сочи» клубына «Зениттің» үш футболшысы ауысуы мүмкін. Бұл ақпаратпен Sport24.ru сайты бөлісіп отыр.

«Сочиде» қазақстандық шабуылшы Акмаль Бахтияров доп тебеді.

- Қазіргі таңда «Сочидің» құрамы осал. Сондықтан, Петербордан бірнеше футболшы келеді деп күтіліп отыр. Футболшыларға жалақыны екі клуб бөліп төлеуі мүмкін - деп жазды портал.

Бірінш турда «Сочи» 13 шілде күні «Спартакпен» кездеседі.