24-жастағы «Спортингтің» қорғаушысы Маркос Рохо «Манчестер Юнайтед» сапына ауысты, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».

«МЮ-де» сапында өнер көрсету – менің арманым еді. Мен Хуан Себастья Веронмен ақылдасып, Англияға ауысуды жөн санадым. «Спортингтен» кету маған қиынға соқты», - деді Рохо.

«Манчестер Юнайтед» Маркос Рохоны 20 миллион евроға сатып алған көрінеді.