«Тур де Франс-2014» көпкүндігінің қаһармандары Винченцо Нибали, Якоб Фульсанг және Микеле Скарпони 21 тамыз күні Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Қазспорт арнасы.

«Астана» командасының велошабандоздарын «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев қабылдайды. Кездесуге «Тур де Франс-2014» жарысына қатысқан қазақстандық спортшылар Максим Иглинский мен Дмитрий Груздев те қатысады.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, «Астана» командасының велошабандоздары Бурабайда өтетін қайырымдылық шарасы мен 24 тамыз күні Астанада Конститутция күніне арналған велошеруге қатысады.