Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен спорттық менеджментпен айналысатын әлемнің ең танымал компаниясы All That Sports-пен әріптестік орнатқандығын ресми түрде жариялады, деп мәлімдейді Baq.kz сайты.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Мен All That Sports Co. LTD компаниясымен әріптестік орнатқанымды ресми түрде хабарлауға қуаныштымын. Көп жылдар бойы мен қандай компаниямен әріптестік орнатуымды білмей дал болып жүр едім. All That Sports компаниясына қуана қосылып отырмын. Бұл компанияны мәнерлеп сырғанаушы Ким Ю На мен оның анасы - Парк ханым құрған. Жемісті әріптестік болатынына сенемін», - дейді спортшы.

Еске сала кетейік, бұл қазақстандық және оңтүстік кореялық мәнерлер сырғанаушылардың алғашқы әріптестігі емес. Биыл мамыр айында Д.Тен Оңтүстік Кореяда Ким Ю Наның мансабының аяқталуына арналған ауқымды шоуға қатысқан болатын.