Екатеринборда өтіп жатқан «Орал кубогы» турнирінде алматылық «Қайрат» «Тюмень» футзал клубынан басым түсті.

Есепті алаң иелері ашты, алайда қайраттықтар ойын тағдырын өзгертіп, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Алматылықтар сапында Же покер жасады. Лео, Игорь және Алешандре бір-бірден көзге түсті.

Тюмень - Қайрат 6:7 (2:1) Голдар: Мурашов 9, Абрамович 36, Чухрий 38, 40, Семикин 46  - Же 22, 39, 49, 50, Лео 23 (автогол), 38, Игор 44, Алешандре 50  Тюмень: Царинный - Лобков, Мурашов, Чухрий, Абрамович, Антошкин, Батырев, Милованов, Семикин, Упалев, Волынюк, Неведров, Толстов Қайрат: Игита - Жоан, Жаманқұлов, Алешандре, Сүлейменов, Же, Игор, Кайо Жуниор, Лео, Першин, Дуглас Ескертулер: Семикин, Царинный18 тамыз. ДИВС. Екатеринбор.

Бүгін «Қайрат» алғашқы ойынында «Синараға» 0:2 есебімен жол берген «Сибирякпен» кездеседі.