«Валенсия» «Барселонаның» қақпашысы Яспер Силлессенді қатарына қосты.

30 жастағы қақпашы үшін «Валенсия» каталондық клубқа 35 миллион еуро төледі. Келісімшарт 2023 жылға дейін жасалған.

Айта кетейік, Силлессен «Барселонада» үш маусым өткізіп, бес титулды жеңіп алды.