Андрей Голубев ATP аясында өтіп жатқан Winston-Seilem Open турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Бірінші айналымдық матчта қазақстандық теннисші әлемнің 73-ші ракеткасы голландиялық Игорь Сийсленгке екі сетте жол берді 6:7 (5:7), 3:6. Бір айта кетерлігі, Голубев бірінші сетте 5:2 есебімен алда келе жатты, бірақ қарсыласы таразы басын теңестіріп, бірінші партияның жеңімпазы тай-брейкте анықталды.