Ақмола облысының Шучинск қаласында басталған велоспорттан Қазақстан Спартакидасының алғашқы жеңімпазы белгілі болды.

Ерлер арасындағы 40 шақырымға созылған бәсекеде Алексей Луценко мәре сызығын бірінші болып кесті. Шабандоз 40 шақырымды 49:50,372 уақытта жүріп өтті.

Екінші орыннан павлодарлық Дмитрий Груздеп 51:00, 039 көрсеткішімен көрінді.

Данил Фоминых үздік үштікті қорытындылады. Фоминых 40 шақырымды 51:21,061 уақытта жүріп өтті.