Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Какау Грузиямен болатын жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады.

Қазақстан ұлттық құрамасы:Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Асылжан Алин («Тұлпар»);Ойыншылар: Дінмухамбет Сүлейменов, Серік Жаманқұлов, Лео, Михаил Першин (бәрі — «Қайрат»), Николай Пенгрин, Александр Довгань (екеуі де — «Тұлпар»), Алексей Лопатюк, Константин Чеботарёв, Тимур Мырзабаев (бәрі — «Аят»), Нұрым Кенжебаев («ӨзенМұнайГаз»), Медет Кұдайбергенов, Даурен Сәрсенбаев (екеуі де — ЦСКА).Естеріңізге сала кетейік, Грузия — Қазақстан арасындағы жолдастық кездесу 15-17 қыркүйекке жоспарланып отыр.