Беларусь астанасы Минскіде байдарка мен каноэ есуден әлем чемпионатында 500 метр қашықтыққа созылған байдаркадан командалық сайыста қазақстандық спортшылар мәреге бірінші жетті, деп хабарлайды sk-sport.kz сайты.

Құрамында Илья Голендов, Андрей Ергучуев, Дәулет Сұлтанбеков пен Юрий Березинцев сынға түскен Қазақстан құрамасы 1 минут 27.37 секунд нәтижесімен алтын жүлдеге қол жеткізді. Күміс жүлдені Чехия, ал қоланы Беларусь елінің спортшылары иеленді.