WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин АҚШ-та танымал емес, деп атап өтті.

Бұл туралы kazsporttv.kz сайты мәлімдеді. «Геннадий Головкиннің аудиториясы аз. Оны былай айтқанда, АҚШ-та ешкім танымайды. Өз басым Геннадийді Дэниэл Гилмен өткізген жекпе-жекте алғаш рет көрдім. Ол өзін рингте салмақты ұстайды екен. Жұдырықтасу мәнері де жақсы. Дегенмен, енді Мигель екеуміз Альвареспен өтетін жекпе жекке дайындаламыз. Альварес көп адамды өзіне қаратады. Соның әсерінен жекпе-жектің билеттері көп сатылады», - дейді Фредди Роуч.