«Рома» клубының ойыншысы Стефан Эль-Шаарави мансабын Қытайда жалғастыруы мүмкін.

«Шанхай Шеньхуа» италиялық футболшыға 3 жылдық келісімшарт ұсынған. Егер Эль-ШааравиҚытайға көшуге шешім қабылдаса жылына 16 миллион еуро жалақы алатын болады.

Алайда футболшының өзі бір шешім қабылдауға асығар емес. Ол қазіргі командасымен келісімшартын ұзартпақ ниетте. Бұл командада ол жылына 3 миллион еуро табыс табады.