Бельгия және Нидерланд тасжолдарында өтіп жатқан «Энеко Тур» турнирінің 7-ші кезеңінде Андрей Гривко 12-ші болып мәре сызығын кесті, деп хабарлайды Қазспорт арнасы.

Мәреге бірінші және екінші болып «Omega Pharma-Quick Step» командасының өкілдері Гийом Ван Кейрсбулк пен Маттео Трентин келді. Ал, «Baloise» командасының шабандозы Ив Лампар үздік үштікті қорытындылады.

«Энеко Тур»

7-ші кезең. Риймст, Бельгия — Ситтард-Гелен, Голландия 183,4 шақырым

1. Гийом Ван Кейрсбулк (Бельгия, «Omega Pharma-Quick Step» ) — 4:25:472. Маттео Трентин (Италия, «Omega Pharma-Quick Step» )3. Ив Лампар ( Бельгия, «Baloise»)12. Андрей Гривко (Украина, «Астана»)

Жалпы есеп:

1. Тим Веллен (Нидерланд, «Belkin»)3. Том Дюмулен (Нидерланд, «Giant-Shimano»)4. Андрей Гривко (Украина, «Астана»)