Қазақстандық Astana Pro Team командасы «Вуэльта» велодасына қатысатын құрамды анықтады, деп мәлімдейді клубтың ресми сайты.

«Джиро д'Италия-2014» велобәйгесінің қола жүлдегері итальяндық Фабио Ару команда капитаны болып сайланды. Ал тізім былай жасақталған: Паоло Тиралонго, Якопо Гуарньери, Андреа Гуардини, Танел Кангерт, Микель Ланда, Андрей Зейц, Даниил Фоминых пен Алексей Луценко.

«Вуэльта-2014» жарысының жалауы 23-ші тамыз күні желбірейді.