Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңа рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш рейтингте үздік үштік өзгермеді: сербиялық Новак Джокович бірінші, екінші болып испаниялық Раваэль Надаль жайғасса, швейцариялық Роджер Федерер үздік үштіктегі орнын ешкімге берер емес.
Қазақстанның ТОП-50 қатарына енген жалғыз өкілі Михаил Кукушкин 47-орында қалды. Ал үздік жүздік қатарында тұрған екінші қазақстандық теннисші Александр Бублик екі орынға жоғарылап, 83-орыннан көрінді. Александр Недовесов болса, бір апта бұрынғыдай 194-орында тұр.