Камерундық футболшы Самюэль Это`О «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахқа «Барселонаға» ауысуға үгіттеп жатыр.
«Барселонаның» стилімен жақсы таныспын, ойын мәнері Салахқа дәл келеді. Ла Лига - әлемдегі үздік чемпионат, Салах «Барселонаға» көшу керек, – деді Самюэль Goal.com сайтына сұхбат бергенде.