Ертең өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы Ресейдің Пермь қаласында өтетін «Прикамья кубогы» турниріндегі алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Қазспорт арнасы.
Турнир 21-ші тамызға дейін жалғасады. Бас бапкер Николай Мышагин құраманың алғашқы бестігін жариялады:
Қақпашылар: Янков және Севидов.
Алғашқы бестік: Шин — Спиридонов — Есіркенов, Шемелин — Аргоков;
Турнирге жалпы саны 25 хоккейші барады.
Турнир күнтізбесі:
19 тамыз.15:00 «Қазцинк-Торпедо» (Өскемен) — «Зауралье» (Курган)
20 тамыз.15:00 «Қазцинк-Торпедо» — «Ариада»
21тамыз.19:00 «Молот-Прикамье» — «Қазцинк-Торпедо»
Комментарии