Қазақстандық Зарина Дияс әлемдегі ең үздік 50 теннисшінің қатарына енді.

WTA әйелдер теннис қауымдастығының жаңадан жариялаған тізімде Дияс 46-шы сатыға ілгеріледі. Бұл бұрынғы көрсеткішінен 6 саты жоғары. Айта кетейік, Зарина Дияс - ең үздік елулікке енген тұңғыш Қазақстан теннисшісі.

Сонымен қатар қазақстандық Ярослава Шведова 50-орынға, Галина Воско-боева мен Юлия Путинцева 118 және 129-сатыға көтерілді.