Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин 18 қараша күні WBC чемпионы мексикандық Марко Антонио Рубиомен жұдырықтасады, деп хабарлайды rsport.ru.

«Мигель Котто кездесуден бастартқаннан кейін, Геннадий Головкинге таңдауымыз түсті», - деді Рубио.

«Бізге қойылған талаптарды қабылдадық, ендігі Головкин мен оның промоутерлік компаниясыны келісімін күтетін боламыз. Том Леффлер келісімшартты соңғы жұмыстарын атқаруда», -деді промоутер Рубио Освальд Кюхле.

Головкин мен Рубио арасындағы кездесу Калифорнияда өтеді деп күтілуде.