20 шілде күні «Алматы аренада» қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған «Денистің достары» атты мұзды шоудың билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы Денис Теннің Instagram-парақшасы мәлімдеді.

Айта кетерлігі, «Денистің достары» шоуы Денис тен қайтыс болған күннің ертеңіне арнайы жоспарланып отыр. Мәнерлеп сырғанаушы 2018 жылы 19 шілдеде Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапқан болатын.