«Легия» футбол клубының жартылай қорғаушысы Мирослав Радович «Ақтөбеге» қарсы алдағы матч туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды шетелдік басылымдар.

«Командамыз Польша чемпионатында жақсы өнер көрсетіп жатыр, алайда біздің Чемпиондар лигасынан ұшып кеткенімізге көңіліміз толмайды. Басқа таңдауымыз жоқ, Қазақстанға ұшамыз. «Ақтөбені» менсінбеуге болмайды, біз кез-келген қарсыласқа құрметпен қараймыз», - деді Радович.

Естеріңізге салсақ, УЕФА Еуропа лигасының «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы алғашқы матчы 21 тамызда болады. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.

Бір қызығы, аталмыш кездесуді польшалық үш телеарна көрсетеді.