УЕФА Еуропа лигасының төртінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта төрешілер құрамын өзгерді – енді «Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы ойында Алексей Еськов емес, Сергей Карасев қазылық етеді.

Карасев халықаралық деңгейде үш жылдан бері жұмыс жасап келеді. 35 жастағы арбитр еурокубокта соңғы рет Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы мадридтік «Реал» мен «Шальке-04» матчында төрелік етті.

Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» «Легиямен» өз алаңында 21 тамызда кездеседі. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады.