«Аякстың» жас ойыншысы Маттейс де Лигттың не себепті «Барселонаға» ауыспағаны белгілі болды.

Каталондық клубтың басшылығы де Лигты қатарына қосу үшін 200 миллион еуроға шығындалатынын есептеп, келіссөзді тоқтатқан.

Келіссөз бойынша «Барселона» де Лигт 120 миллион еуро, одан бөлек қосымша сыйақы ретінде 75 млн еуро төлеу қажет болған. Ал футболшы жылына 12 млн еуро жалақы сұраған.

Айта кетейік, бұған дейін де Лигтөзінің агенті Мино Райоланың кеңесіне кеңесінен кейін каталондық командаға ауыспауды шешкен деген ақпарат тараған болатын.

19 жастағы қорғаушы өткен маусымда Голландия чемпионатында «Аякс» сапында 33 ойын өткізді. Сондай ақ, Чемпиондар лигасында да 12 матчқа қатысқан.