«Ферраридің» пилоты Михаэль Шумахерге қарсылас болу мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».

«Менің ең мықты қарсыласым Михаэль Шумахер болды. «Формула-1-ге» енді келген сәтімде ол үстемдік құрды. Осылай 2005 жылға дейін жалғасты. Ол өзінің чемпионатына қатысып жатқандай көрінетін. Онымен күресу мүмкін емес еді», - деді Алонсо.