Аустриялық баскетболшы «Астана» клубымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды елордалық команданың ресми сайты.

23 жастағы Рашид Махалбасич өткен маусымды чехиялық «Нимбуркте» өткізді. ВТБ Бірыңғай лигасында 18 матч өткізіп, орта есеппен 11.1 ұпай жинады.

Рашид былтыр желтоқсан айында ВТБ Бірыңғай лигасының үздік жас ойыншысы атанды.