Швейцариялық осы маусымдағы үшінші титулына қол жеткізді.

Цинциннатидегі «Мастерстің» финалдық кездесуінде Роджер Федерер мен испаниялық Давид Феррер кездесті. Қарсыластар  алғашқы екі партияда бір-бірден жеңіске жетті. Ал шешуші үшінші сетте Роджердің бағы жанды. Қорытынды есеп – 6:3, 1:6, 6:2. Теннисшілердің арасындағы 16-шы кездесу бір сағат, 43 минутқа созылды. Өзара кездесуде Федерер алда – 16:0.

Осы жеңісінің арқасында Роджер 638 850 доллар және 1000 рейтингілік ұпай еншіледі.