Қарағандылық футболдың түлегі Владислав Васильев доп тебетін «Энергетик-БГУ» командасы Беларусь чемпионатының кезекті турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Энергетик-БГУ» тағы бір минскілік команда «Торпедоны» 2:1 есебімен жеңді. Васильевт бұл ойындағы алғашқы голды соқты.

Беларусь. Жоғары лига. 12-тур

«Энергетик-БГУ» (Минск) - «Торпедо» Минск - 2:1

Гол соққандар: Владислав Васильев 56, Всеволод Садовский 71 - Седрик Коуадио 76