Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) турнирінің жартылай финалына өте алмады.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 19-ракеткасы, германиялық Юлия Гергеспен кездесті. Германиялық спортшы бірінші партияны 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде де сол қарқынынан жаңылған жоқ - 6:2. Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды. Ю.Гергес финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен таласады.