Бельгия және Нидерланд тасжолдарында өтіп жатқан «Энеко Тур» турнирінің 6-шы кезеңінде жарыс қожайындарының велошабандоздары алғашқы үш орынды бөлісіп алды.

Бельгиялық Тим Велленс мәреге бірінші жетсе, нидерландтық Ларс Боом екінші келді. Үздік үштікті, тағы бір бельгиялық велошабандоз Грег Ван қорытындылады. Ал, «Astana Pro Team» өкілі украиналық Андрей Гривко мәре сызығын алтыншы кесті.

«Энеко Тур»

6-шы кезең. Херлен, Голландия — Эвай, Бельгия, 173, 3 шақырым

1. Тим Велленс (Бельгия, «Lotto Belisol»)2. Ларс Боом (Голландия, «Belkin»)3. Грег Ван Авермает (Бельгия, «BMC Racing Team»)6.Андрей Гривко (Украина, «Астана»)

Жалпы есеп:

1. Тим Велленс (Бельгия, «Lotto Belisol»)2. Ларс Боом (Голландия, «Belkin»)3. Том Дюмулен (Голландия, «Giant-Shimano»)4. Андрей Гривко (Украина, «Астана»)