Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жек бойынша келіссөздер жүргізілді.

Бірақ келісу барысында кейбір қарама-қайшылықтарға жол берді.

Альварес мүддесін қорғайтын Golden Boy Головкинмен үшінші жекпе-жекке қатысты ұсынысты жұма күні қарайды. Екі жақ жекпе-жек орнына келісе алмауда. Головкин Лас-Вегаста үшінші айқасты өткізгісі келмейді.

Головкин Алғашқы екі жекпе-жекте ұсынылған алты карточкадан біреуін жеңді. Головкин енді үшінші жекпе-жектің Нью-Йоркте немесе Техаста болғанын қалайды. Ал Канело трилогияны Лас-Вегаста аяқтағысы келеді.

Альварес қыркүйекте Головкинмен жекпе-жекке шықпаса, онымен айқасатын үміткерлер арасында WBO орташа салмақ дәрежесінің иегері Деметриус Андраде және супер орта салмақтағы чемпион Каллум Смит бар.