Оңтүстік Кореядағы Кенджу қаласында өткен триатлоннан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жерлестеріміз сәтті өнер көрсетті.

Үш кезеңнен тұратын(жүгіру, жүзу, вело) жарыста үздік нәтижені Дарын Қонысбаев көрсетті. Екінші орынды гонконгтық Ванг алса, үздік үштік тағы бір қазақстандық Мейірлан Ысқақов түйіндеді.

Ерлер арасындағы ересектер арасындағы сайысқа Аян Бейсенбаев пен Темірлан Теміров түседі.