Испандық теннисші Давид Феррер мен швейцариялық Роджер Федерер Цинциннатидегі доданың финалында кездеседі.

Давид Феррер француз теннисшісі Жульен Беннетоны 6:3, 6:2 есебімен қапы қалдырса, Роджер Федерер канадалық Милош Раонич екі сетте тізе бүктірді. Қорытынды есеп – 6:2, 6:3.

Енді ақтық сында Феррер мен Федерер жеңімпазды анықтайды.