«Бастияның» шабуылшысы  Брандао «ПСЖ-ның» жартылай қорғаушысы Тиаго Моттаның мұрнын сындырып тастады, деп хабарлайды франциялық басылымдар.

Дереккөздің мәлімдеуінше, кездесуден кейін Брандао мен Мотта арасында түсініспеушілік болып, біріншісі соңғысының мұрнынан ұрады, кейін өз командасының киім ауыстыратын бөлмесінде тығылып қалған. Тек күзетшілер уақытында араласып, үлкен төбелестің бетін алды. Медициналық тексерістен кейін Моттаның мұрны сынғаны анықталды. Шамасы, «ПСЖ» ойыншыны сотқа беріп, Брандао бірнеше матчқа жазаланады.

Естеріңізге салсақ, кездесу париждіктердің жеңісімен (2:0) аяқталды.