Қазақстандық боксшы Иван Дычконың келесі қарсыласы кім болатыны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Алдын ала таралған ақпарат бойынша, Иван 12 шілдеде жұдырықтасады. Қарсыласы америкалық Нейт Хэвен болады. Бұл боксшы кәсіпқой рингте 9 рет жеңіске жетіп, екі рет жеңілген. 7 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Боксшылардың қайда жұдырықтасатыны әзірше белгісіз.