Волейболдан Қазақстан әйелдер командасын түркиялық маман Нежат Сенчак жаттықтыратын болады.

Сенчак келісімшартқа шіле айында қол қойған соң бапкерлік қызметін кіріседі. Бүгінгі таңда ол Халықаралық волейбол федерациясында (FIVB) жаттықтырушы-нұсқаушы міндетін атқарады.

Бұрын Нежат Сенчак FIVB бағдарламасы бойынша елімізде үш ай бапкерлік курстар өткізген. Сондықтан ел волейболының жағдайымен таныс десек те болады.